«Менің елімнің тарихы»

(мұражайға саяхат)

 

А Н Ы Қ ТА  М А

Өткізілген ұақыты: 18.11.2024ж. Жетісу облысының Талдықорған қаласының  М.Тынышпаев атындағы тарихи- өлкентану мұражайына  колледждің  24-11,24-13, 24-105-ші топ білім алушыларымен  ұйымдастырылған саяхат.

Мақсаты: білім алушыларға қабілеттерін арттыру, тұған өлке тарихына қызығушылықтарын дамыту, тарихқа деген көз қарастарын ,ойлау қабілеттерін өзгерту, қазақ халқының мәдениетімен  тұрмысы жайлы теренінен меңгеру. Қазақ халқының өміріне,тарихы мен мәдениетіне көзқарастарын жақсы игі істерді көрсету,ұғындыру. 

Өтілу барысы: Мұхаметжан Тынышпаев мұражайы Талдықорған қаласының орталығында орналасқан. Мұражайға келу мақсатымыз  өз өлкеміздің табиғи байлықтарын көрсету, өткен және қазіргі тарихы туралы сыр шертеді.,  Мұражайдан алған әсеріміз ерекше. Мұражай қорына осы жылдар аралығында Жетісу өлкесінің табиғи байлықтары, археологиялық құндылықтар, қазақ халқының тұрмыстық заттары, мемлекеттік қайраткерлер, тарихи оқиғалар жайлы материалдар жинақталып келеді. Көбінесе мұражайда табиғи қазбалар, байлықтар орын алғандықтан мұражайдың  Мұхаметжан Тынышбаевқа берілу себебіде осыда деп ойлаймыз. Және ішіндегі эксперт апайларда, ағайларыда ашық, жақсы адамдар болғандықтан, тыңдауда өте ерекше болды. Мені бір қуантқан жайт бұл мұражайда Алтын адам ескерткішінің көшірмесінің тұру. Облыстық Мұхамеджан Тынышпаев атындағы тарихи-өлкетану музейі үлкен әрі бірнеше залдан тұратындығымен ерекшеленді. Жан-жануар, жәндік, құстар тірі секілді көрінді. Археологиялық, тарихи, соғыстан қалған ескерткіштер, ”Тәуелсіздік” залы көрген көзге бірден әсер қалдырады, құдды бір сол заманға еніп кеткендей боласың. Балалар ризашылықтарын білдіртіп, сұрақтар қойылып, өз ойларын жеткізе білдірді.

ri1  ri2 ri3 ri4 ri5 ri6  ri7 ri8 ri9 ri10 ri11 ri13