Жастарға салауатты өмір салтын насихаттау мен әскери патриоттық тәрбие беру мақсатындағы шаралар.

 

image079 image080

Талдықорған индустриялық колледждің алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнінің оқытушылары М.Джамбулбаев пен Е.Тәбәрәк «Дене тәрбиесі, спорт, алғашқы әскери дайындығы және қосымша білім берудің ғылыми-тәжірибелік» орталығының ұйымдастыруымен өткен «Жас Сарбаз» әскери-патриоттық ойынына білім алушыларды дайындап, қатыстырды. Ойын нәтижесінде колледж білім алушылары Мадақтамамен марапатталып, 10 000 теңгелік сертификатқа ие болды.

image081 image082

Талдықорған қаласындағы кәсіптік-техникалық колледж білім алушылары арасында «Білімді ұрпақ-ұлт болашағы» тақырыбында өткен «Волейбол» жарысынан жүлделі ІІІ-орынды жеңіп алды.

image083 image084 image085

17 қараша- Халықаралық студенттер күніне орай ұйымдастырылған "Жарқын болашақ" атты шағын футбол турниріне қатысып, Талдықорған индустриялық колледжінің командасы үздік деп танылып, жүлделі II - орын иеленді.

image086 image087 image088

Білім алушылардың бос уақытын тиімді пайдалану, денсаулықтарын нығайту мен шынықтыруға және бойларындағы төзімділік, шапшаңдылық қасиеттерін дамытуға ықпал ету мақсатында дене тәрбиесі пәнінің оқытушыларының ұйымдастыруымен өткен "Қол күрес" жарысы.

image089 image090 image091

Колледжінің білім алушыларының арасында өткен Ұлттық колледж лигасы жобасы аясында «Гір көтеруден» колледжішілік сайыс.

image092 image093 image094

Жетісу облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен өткен қала тұрғындары арасындағы "Спорт денсаулық кепілі" атты шарада Талдықорған индустриялық колледжінің ұжымы белсенділікпен қатысып, жүлделі орындарға ие болды.

image095 image096 image097

Дене тәрбиесі және спорт бөлімінің облыстық колледж білімгерлері арасында өткен ұлттық "Тоғызқұмалақтан" жүлделі II - орын

"Спорт - денсаулық кепілі" атты үстел теннисінен ІІІ - орын

Кәсіптік білім беру ұйымдарының білім алушылары арасындағы"Ұлттық лига" "Тоғызқұмалақтан" жарысынан III орын

І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті ұйымдастырған «Алтын күз-2024» жеңіл атлетикалық кросс жарысында колледж білім алушылары жүлделі ІІІ орын алды.

Талдықорған индустриялық колледжінің командасы шағын футболдан облыстық техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының арасында "Ұлттық колледж спорт лигасында" жүлделі І - орынға ие болды.

АӘжТД пән жетекшісі 7 мамыр Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері күніне орай шараның ашылуын колледж директоры А.Джумадиловке баяндауда

Колледждің Жас Сарбаз клубының мүшелері 21751 әскери бөлімінің әскери ұшқыштарымен кездесу сәті.

Облыстық «Жас Сарбаз» әскери спорттық жарысының жеңімпаздары.

Колледж білімалушылары 5514 әскери бөлімінің асханасында.

Колледж білім алушыларының Ауған соғыс ардагерлерімен кездесу сәті.

Колледждің «Жас Сарбаз» клубының мүшелері.

Талдықорған индустриялық колледжінің базасында халық қаһарманы Рахымжан Қошқарбаевтың 100 жылдығына арналған кәсіптік және техникалық білім беру мекемелерінің студенттері арасында өткен "Жас Сарбаз" әскери-патриоттық ойыны.