Талдықорған индустриалық колледжі Enbek.kz электронды еңбек биржасы порталы арқылы колледж студенттерінің өндірістік тәжірибесін автоматтандыру бойынша пилоттық жобаға қатысуда.
Бұл бағытта колледжде төмендегідей жұмыстар атқарылды:
- Еңбек.kz порталы арқылы практиканы ұйымдастыру туралы колледж директорының 2024 жылғы 2 қыркүйектегі №196 бұйрығы шықты және жобаға қатысатын студенттердің тізімін бекіту туралы 2024 жылғы 2 қыркүйектегі №215 бұйрығы;
- студенттер мен жұмыс берушілерді өндірістік тәжірибені ұйымдастыру және электронды түрде келісім-шарттар жасау үшін Enbek.kz функционалдығын пайдалану туралы ақпараттандыру мақсатында колледжде төмендегідей жұмыстар жүргізілді:
1. 2024 жылғы 19 маусымдағы қаланың ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарының басшыларын шақырумен Индустриялық кеңесінің отырысы
2. ЭЕБ-ке тіркелу және практиканттарды қабылдау туралы нұсқауларды 2024 жылғы 30 қыркүйектегі №202 ақпараттық хаттармен колледждің тәжірибе базаларына жолданды.
3. Жобаға қатысушы студенттердің жиналысында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар, egov.mobile bilim қызметі арқылы студенттердің жеке деректерін жинауға және өңдеуге келісім алу ұйымдастырылып, 18 жасқа толмаған студенттердің ата-анасытелефондары арқылы жіберілді.
НОБД-ға студенттерінің байланыс деректері жаңартылды, нәтижесінде 1 қараша мен 27 желтоқсан аралығында өндірістік тәжірибеден өтетін 3 курста оқитын 30 студенті SMS-хабарлама алып, Enbek.kz порталында тіркелді.
Студенттердің оқу жоспарына сәйкес алдағы практикалық тәжірибе туралы ақпарат НОБД-ге жедел түрде енгізілді.
Қазіргі уақытта студенттер өндірістік тәжірибеден өтуге кәсіпорындардан шақырту алуда.
Директор А.К.Джумадилов