2000 жылы І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетін бітірген. Талдықорған индустриялық колледжінде 2014 жылдың 1 қыркүйегінен қабылданып, тарих және қоғамдық пәндер оқытушысы болып жұмыс жасады. 2015-2018 жылдар аралығында бөлім меңгерушісі, 2018 жылдың қазан айынан директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары қызметін атқарып келеді.
Біліктілікті арттыру курстары:
2019 жылы - «Кәсіпқор холдингі» КЕАҚ кәсіптік білім беру орталығында «Модульдік-құзыреттілік тәсілдеме негізінде әзірленген техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламаларын іске асыру», «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында оқытудың кредиттік-модульдік технологияларын енгізудің ерекшеліктері»;
2020 жылы ҚР ҰҚП «Атамекен» «Кәсіпкерлік қызмет негіздері»;
2020 жылы «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ «Педагогикалық шеберлік орталығы» жекеменшік мекемесі әзірлеген ҚР орта білім мазмұнын жаңарту аясында;
2021 жылы «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалынан жаңартылған бағдарлама;
2021 жылы Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА «Алтынсарин курстарының» сессия бағдарламасы бойынша ҚР ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруда «Білім берудегі Менеджмент»;
2021 жылы «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалынан «Педагогтердің цифрлық құзырлығын дамыту» курсы;
2023 жылы «ТАLАP» КЕАҚ «Білім берудегі менеджмент: колледждің оқу процесінің сапасын басқарудың инновациялық стилі» Сертификат.
Марапаттары:
- 2017 жылы Алматы облысының білім басқармасы басшысының Құрмет грамотасы;
- 2018 жылы Талдықорған қаласы әкімінің Алғыс хаты;
- 2018 жылы Кәсіби біліктілігі мен жас ұрпақты тәрбиелеуде қол жеткізген табыстары және білім беру саласына қосқан зор үлесі үшін. Алматы облысының білім басқарма басшысының Құрмет грамотасы;
- 2020 жылы Тәуелсіз Қазақстаннның рухани және әлеуметтік дамуы жолында білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыруға қосқан үлесі үшін. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің Құрмет грамотасы;
- І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті ректорының Құрмет грамотасы;
- 2021 жылы Қоғамдық тұрақтылық пен этносаралық ынтымақтастықты нығайтуға, жастардың бойында отаншылдық, құрмет, ізгілік қасиеттерін қалыптастыруға қосқан үлесі үшін. Алматы облыстық «Қоғамдық келісім» КММ директорының Құрмет грамотасы;
- 2022 жылы 8-Наурыз Халқаралық әйелдер күні мерекесіне орай, сапалы білім бергендері мен елеулі еңбек еткендері үшін. Талдықорған қаласы әкімінің Құрмет грамотасы.
- 2023 жылы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің Алғыс хаты;
- 2023 жылы Білім беру саласындағы еңбегі мен кәсіби біліктілігі үшін. Алматы және Жетісу облысының кәсіподақтар орталығы төрағасының Құрмет грамотасы
Бұқаралық ақпарат құралдарында жарық көрген материалдар:
- 2018 жыл. «Заманауи зерттеулердің өзекті мәселелері» Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция. «Интербелсенді әдістерді қолданудың тиімділігі» тақырыбында мақала.
- 2022 жыл. Ақын, ғалым, түркітанушы, аудармашы, педагог, публицист, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлынын 150 жылдық мерейтойына арналған «Ахмет Байтұрсынұлы – қазақ даласының дара ұлы» атты өңіраралық педагогикалық оқу жинағы. «Ахмет Байтұрсынұлының педагогикалық идеялары» тақырыбында мақала.
- 2022 жыл. Ұстаз әдістемесі Алматы облыстық қоғамдық-педагогикалық газеті. «Алаш арысына арналған Әлихан оқулары» тақырыбында мақала.
- 2023 жыл. Түркістан облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасы, «Арыстанбаб» жоғары колледжі өткізген «Даму жолы – білім мен ғылымда» ғылыми-тәжірибелік конференция материалдарына «Ахмет Байтұрсынұлы - ұлт ұстазы» атты мақалам жарияланды