Жетысуская область город Талдыкорган ул. Тауелсиздик 175
8 (7282) 22-12-80

«МҰХАМЕДЖАН ТЫНЫШБАЕВ-ҰЛТ МАҚТАНЫШЫ»

(қазақтан шыққан тұңғыш инженері)

              Мұхамеджан Тышыбаевтың туғанына 145 жыл.

Бүгінде бүкіл саналы ғұмырын туған қазақ халқының мүддесін қорғауға арнаған біртуар тұлға Мұхамеджан Тынышбаевтың өмір жолын еске алуда.

 r1

  • МұхамеДжан Тынышбайұлы(1879-1937) — қазақтың көрнекті саяси және қоғам қайрат­кері, алаш қозғалысының негізін салушылардың бірі, Алаш Орда үкіметінің мүшесі және оның төрағасының орынбасары, тарихшы-ғалым, қазақтан шыққан тұңғыш теміржол қатынастарының инженері.

     Ұлыстың мерейі үшін елдің ертеңі үшін қызмет етіп, Кеңес үкіметінің құрбаны болған асыл азаматтарымыздың бірі Мұхамеджан Тынышбаев. Найман тайпасынынң Садыр руынан шыққан. Алаштың ірі қоғам және мемлекет қайраткері, тарихшы, ағартушы, тұңғыш темір жол инженері Мұхамеджан Тынышбаев 1879 жылы 12 мамырда Жетісу облысы Лепсі уезі Мақаншы-Садыр болысында (қазір Алматы облысы Қабанбай ауданы) туған. Ауыл молдасынан хат таныған соң, 1890 жылы Верный ерлер гимназиясының даярлық сыныбына қабылданады. Мұхамеджан Тынышбаевтың тағдыр-талайы білім мен ағартуға, ұлттық теңдік пет өркениетке ұмтылған қазақ халқының тағдырымен бір. Даярлық сыныпты қоса есептегенде, 10 жыл аталған гимназияда оқыған М.Тынышбаев оны үздік (алтын медальмет) аяқтайды. 1900 жылы оқушыны ұлтқа бөліп алаламайтын, білімдіні қадірлейтін гимназия директоры М.В. Вахрушевтің Жетісу губернаторына дәлелдеп жүріп стипендия бөлгізуінің арқасында (ол шақта мемлекет есебінет оқу тек осылай жүргізілген) Мұхамеджан император I Александр атындағы Петербор темір жол транспорты институтына қабылданады. Бұл институтты 1906 жылы бітірген.

Темір жолда жұмыс істеуі

М.Тынышбаев 1906 жылы елге келіп, біраз уақыт Жетісу теміржолын жобалау ісіне қатысады. I Мемлекеттік Думаның қуғындалғанынан хабардар ол ел құқына қажетті табанды қоғамдық-саяси жұмысымен көрінеді. Нәтижесінде 1907 жылы 28 жасында II Мемлекеттік Думаға Жетісу облысы атынан депутат болып сайланады. 1907- 1914 жылдар аралығында Әмудәрия үстіне салынған көпір құрылысына, Ұрсат (Урсатьевск) – Әндіжан теміржол құрылысына жетекші маман, бас инжетер есебінде қатысады. Теміржол саласына байланысты еңбегін ғана парықтағанның өзінде М.Тынышбаев – Кіндік Азия көлемінде еленуге лайықты инженер-теміржолшы. 1914 жылы қайраткер Жетісу темір жол құрылысына қайта ауысады. Бұл жолы ол Арыс – Әулие ата учаскесінің басшысы және бас инжепері болып қызмет атқарды. Осы шақта инжетер Мұхамеджанға Ташкент Мұғалімдер институтына оқуға бармақ болып қаржыдан қысылып жүрген Т.Рысқұлов ұшырасады. Бұл 1915 жыл еді. М.Тынышбаев бір кезде өзі де осылай қиналғаны есіне түсіп, Тұрарға әжептәуір ақша ұсынады және мұндай керекті қаражатты кейін де адресіж салып тұратынын айтады. Екі азаматтың осы риясыз көңілі адал бауырластыққа ұласады.

r2

Мұхамеджан Тынышбаев (оң жақта) ұлы Ескендірмен бірге. Воронеж, 1930 жыл.

  1937 жылы сталиндік репрессияның құрбаны болған Алаш қайраткері Мұхамеджан Тынышбаев Қазақстандағы тұңғыш теміржол инженері болса, оның ұлы Ескендір Тынышбаев – қазақтан шыққан тұңғыш кинооператор. Әкесі үшін қуғынға түскен Ескендір Тынышбаев өмірінің соңына қарай Азаттық радиосына да сұхбат берген.

   

      Мұхамеджан Тышыбаевтың туғанына 145 жыл толуына арнап    «Мұхамеджан Тынышбаев-ұлт мақтанышы» атты тақырыпта көрме және библиографиялық  шолу ұйымдастырылды.

 

r3

r4

r5

r6

r7