Талдықорған индустриялық колледжі
А Н Ы Қ Т А М А
Ұақыты: 18.12.2024 жылы 303 кабинетте ағылшын пәнінің оқытушы Смагулова Ақтоты Сапаргалиқызы ұйымдастырумен «Шығармашылық топ» отырысы 18 желтоқсанн күні өтті. Осы шығармашылық топқа кітапхана тарапынан Бәрімзі оқимыз! Бірге оқимыз! Кез келген жерде оқимыз! атты тақырыпта баяндама, слайдттар электронды оқулықтар, көркем әдебиеттер және мерзімді басылымдардан кәсіби журналдарымен газеттер көрмесі ұйымдастырылды. Биылғы жылы «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында «Оқуға құштар колледж» және «Балалар кітапханасы»жобасы қарастырылған.
Мақсаты: Бұл жобаның мақсаты кітап оқуға, кітапханалық жұмысты жүйелетуге, және оқытушылармен білім алушылардың көркем әдебиетке қызығушылықтарың артыруға. Осы жобаны біріктіріп Бәріміз оқимыз! Бірге оқимыз! Кез келген жерде оқимыз! атты тақырыпты сіздермен бірігіп колледж білім алушыларына кітапқа деген көз қарастарын өзгертсек деген ойымды жеткізіп, қысқаша бибилиографиялық шолу жасалды.
Өтілу барысы: Білім-бұл қазына, оның кілті-еңбек, ал қорғаушысы-ақыл. Кітап жүректі үлкейтетін,жанды тазартатын,сананы көркейтіп,адамның рухани шөлін қандырар қайнар көзідеп айтуға болады.Мысалы кітапханада көптеген көркем әдебиеттерді алсақ ,білім алушылардың көзқарастары кітапқа деген алыстап барады. Себебі сіздермен бірлесіп білім алушылар қазақ әдебиетінен алыстатып алмаудың амалын бірлесіп табу. Студенттеріміздің білімді де саналы болып өсуіне біздің колледжде барлық мүмкіндіктер жасалған. Білім алушыларды кітап оқуға тарту, кітапты көп оқитын орта қалыптастыру, оқырмандардың назарын кітапқа аударту, кітаптың адам өміріндегі орны бөлек туралы түсінік беру, кітапты сүйе білуге, кітапты қадірлеуге, жаңа кітаптармен және жаңа авторлармен таныстырса. Көбірек оқуға, ең жақсы кітаптарды дұрыс таңдай білуге үйрету,бір - бірімен пікір талас туғызу. Біздің қазіргі дамып, өсіп келе жатқан қоғамымызда кітап пен отбасы тығыз байланыста болуы керек. Әрбір отбасында - кітаптың өсіп келе жатқан ұрпаққа орасан ықпалын тигізері анық. Кітапты бірлесіп оқу, оқығандары бойынша пікір алмасу, оны талқылау отбасы мүшелерін жақындастырып, оларды рухани тұрғыда біріктіреді.
Кітапхана студенттер үшін мейірімді, рухани, ақпараттық, танымдық орталық ету бұл сіздер мен біздің еңшімізде дегім келеді.
Бұл жоба негізі қысқаша айтқанда балалардың бос уақытын тиімді пайдалану, кітап оқуға үйрету , кітапханамен бірлесіп жұмыс жүргізу. Білім алушыларды кітап оқуға тарту, жетекшісі болып, ұстаз болып, және ата-аналармен бірлесіп жұмыс жүргізуді жыл бойы жалғастырса онда нұр үстіне нұр болареді.
Кітапхана меңгерушісі: Гульзира Жумагельдіқызы Сагандыкова