Жетысуская область город Талдыкорган ул. Тауелсиздик 175
8 (7282) 22-12-80

 Өскелең жас ұрпақты рухани-адамгершілік қасиетке баулу, тәрбиелеу – барлық кезеңде өзекті. Біздің келешегіміз – жас ұрпақ, ал ұрпақ тәрбиесі адамзаттың мәңгілік тақырыбы. Тәрбие мен оқыту өзара тығыз байланысты, бір бірінен бөліп алуға болмайтын біртұтас процесс. Осы рухани –адамгершілікке байланысты ол"Біртұтас тәрбие» бағдарламасы. Жалпы алғанда адамзаттың бойына сіңірген еңбекқор, адал, саналы, жасампаз азаматты тәрбиелеу.   Жастардын бойына ұлттық құндылықтарды сіңіру мақсатында  ұйымдастырылған іс-шара. Кітап оқу дәстүрін жандандыру және іске асыру  «Балалар кітапханасы» жоба аясында колледждің жастар үйінде  жатақхана тәрбиешісі Дауталинова Майра Өмірзаққызымен бірігіп білім алушыларға«Кітап-сарқылмас рухани қазына»атты тақырыпта тәрбие сағаты және пікір талас үйымдастырылды.

Мақсаты: Кітап оқуға және білім алуға қазығушылықты қалыптастыру,жастар арасында танымал заманауи авторлардың кітаптарын талқылау. Бойына сіңірген асыл қасиеттер,тәрбиенің ерешеліктері, өзіне ғана тән мәдени құндылықтары.Тұған жеріне,еліне, еңбекке және ата-дәстүріне деген ыстық махаббаттарын ұмытпау.

Көрнекілігі: көркем әдебиеттер, даналық сөздер, түрлі түсті қағаздар,

Қатысқандар: колледждің жастар үйының  білілім алушылар,тәрбиешісі.

"Біртұтас тәрбие бағдарламасының" міндеттері:

  1. — Ата-ананың өсиетін тыңдауға, отбасы татулығы мен берекесін қадірлеуге, перзенттік парызын өтеуге тәрбиелеу. Ұлттық мұраны қастерлеуге, қазақ тілін, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, татулық, келісім, ынтымақ және ел бірлігін сақтауға, отаншылдық пен мемлекетшілдікке тәрбиелеу.

Жақсылыққа, игілікке бой түзеуге, абыройлы болуға, ар-ұждан, намыс, жауапкершілік, мейірімділік, қамқорлық пен

  Әділдік  қасиеттерін жоғары ұстауға баулу және құқықтық мәдениетін қалыптастыру.

Денсаулықты қадірлеуге, салауатты өмір салтын ұстануға, ойдың тазалығын және эмоционалды тұрақтылыққа баулу.

  1. Табиғатқа, табиғи мұраға ұқыптылықпен қарауға және табиғи ресурстарды үнемді әрі тиімді қолдануға тәрбиелеу және еңбекқорлыққа баулу.

Өскелең жас ұрпақты рухани-адамгершілік қасиетке баулу, тәрбиелеу – барлық кезеңде өзекті. Біздің келешегіміз – жас ұрпақ, ал ұрпақ тәрбиесі адамзаттың мәңгілік тақырыбы. Тәрбие мен оқыту өзара тығыз байланысты, бір бірінен бөліп алуға болмайтын біртұтас процесс. 

Кітапхана-тәрбие ошағы

 

1

Кітапханашы:                              Г.Сагандыкова

 

 

Кітап-құт, кітап-білім,  кітап-ғылым.

Кітап-бақ, кітап-дара, кітап-дана.

 

Білім алушылар ортасында оқу туралы тұлғалық даму үшін маңызды, қажетті іс деген түсінік қалыптастыру жөнінде тиімді жұмыс жүргізу қажет. Оқуға құштар адамның бейнесі ойға қоғамдық пікірде, өмірде табысқа жетумен бірге оралуы тиіс. Ой санасына  сіңіру, оқырман сауаттылығын дамыту.