Жетысуская область город Талдыкорган ул. Тауелсиздик 175
8 (7282) 22-12-80

Жастарға қызмет көрсету орталығы ұйымдастырған зиянды әдеттерге айналған темекі, нашақорлық, ішімдікке әуестік, олардың денсаулыққа келтіретін зардаптарын және тәуелділіктің арты қайғылы жағдайларға апарып соғатынын жіті түсіндіру мақсатында "Наркостоп" атты кездесуге колледж білім алушылары қатысты.

image001 image002

«Ұстаз болу- жүректің батырлығы!» атты ұстаздар күніне арналған салтанатты мереке

image003 image004

Талдықорған индустриялық колледжінің ұжымы қаланың экологиялық жағдайын жақсарту мен қоршаған ортаны аялау сынды қоғамды ізгілікке бастайтын құндылықтарды насихаттау мақсатында сенбілік ұйымдастырды.

image005 image006 image007

25-қазан-Республика күніне орай «Ел егемен, қойнауы құт-ұлы Отан» ұлттық бұйымдар көрмесі ұйымдастырылып, колледж ұжымы қазақи нақыштағы киімдерді киіп, ұлттық дәстүрімізді дәріптеді. 

image008

Колледждің кітапхана меңгерушісі Гульзира Жұмагельдіқызының ұйымдастыруымен өткен «Жемқорлықсыз жаңа Қазақстан!» атты дөңгелек үстел

image009  image010 image011
 
Жетісу облысы колледж педагогтары арасында өткен Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың 110 жылдығына арналған сабақтан тыс іс-шара фестивалінде Талдықорған индустриялық колледжінің тарих пәнінің оқытушысы Бакетова Бактыгуль Кенесовна ІІ орынды иеленді.

 image012 image013 image014

Колледждің еріктілер клубының мүшелері көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын созып, сауапты іс атқаруда.

image015 image016 image017

Талдықорған индустрия колледжінің оқытушылары Р.К.Меренкулова мен А.С.Смагулова білім алушыларға ғасыр дерті болып саналатын зиянды әдеттер – темекі шегу, есірткі заттарды пайдаланудан аулақ болуға шақыру, психикалық және моральдық денсаулығы бар табысты және тиімді жас жігітті тәрбиелеу мақсатында "Наркомания социальное зло" тақырыбында ашық тәрбие сағатын өткізді. Тәрбие сағатына Жетісу облысының полиция басқармасының есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел өкілі М.Ысқақова, колледж инспекторы Д.Мырзагулов, облыстық білім басқармасының әдістемелік кабинетінің әдіскері Л.Орманова, облыстық салауатты өмір салты басқармасының маманы Т.Черненко директордың тәрбие жұмысын жөніндегі орынбасары Х.Карипжанова қатысты.

image018 image019 image020

М.Жұмабаев пен С.Торайғыровтың туғанына 130 жыл мерейтойына орай өзге ұлт өкілдері арасында «Тіл-барлық білімнің кілті» атты облыстық байқауда колледж білім алушылары ІІІ орынға ие болды.

image021 image022 image023

Колледж қызметкерлерінің бүлдіршіндеріне арналған «Жаңа жыл» кеші

image024 image025 image026  

Колледж қызметкерлері арасында өткен «Өркениетті мемлекетке дені сау, мықты ұрпақ» атты көңілді мәре

image027 image028 image029

Колледж директоры мен ата-аналар комитетінің төрайымы Аристангулова Дина Садыбековна асханадағы түскі астың сапасын тексеру мақсатында тағамнан дәм татып, білім алушылармен сұхбаттасу кезі.

image030 image031 image032

Кеңес әскерінің Ауғанстан жерінен толықтай шыққанына 35 жыл толуына орай өткен «Ауғанның асуында от кешкендер» атты кездесу.

image033 image034 image035
      
Орыс ақыны, драматург және прозаик М.Ю. Лермонтовтың 210 жылдығына орай Талдықорған индустриялық колледжінің орыс тілі мен әдебиет пәнінің оқытушысы Г.Б.Еркимбаева жетекшілік ететін "Актерское мастерство" үйірмесінің жас актерлерінің қойылымы.

image036 image037 image038

Талдықорған аграрлық-техникалық колледжінің "Қоғамдық - гуманитарлық" ПЦК апталығы аясында "Сыбайлас жемқорлық - қоғам дерті" атты квест ойынында Талдықорған индустриялық колледжінің "Саналы ұрпақ" клубының жетекшісі Г.М.Хабарованың басқаруымен құрылған "Бірлік" командасы жүлделі ІІ - орынды иеленді.

image039 image040 image041

Талдықорған индустриялық колледжінде «Ана -өмір ана-жыр» 8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай  ұйымдастырылған мерекелік кеш.

image042 image043 image044

Талдықорған индустриялық колледжінің бірінші курс, 23-13 топ білім алушылары кітапханашы Г.Ж.Сагандыковамен Жетысу облысының Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасының ұйымдастыруымен «Жастар - ланкестікке қарсы» тақырыбында жастар арасында өткізілген дебат.

image045 image046

«Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындарды қорғау» күніне орай «Тарихи мұраны сақтау біздің борышымыз» атты библиографиялық шолу

image047 image048 image049

Колледжінде әр түрлі ұлт өкілдерінің балалары 1мамыр- Қазақстан халқының бірлігі күніндегі қалалық мерекелік шара,а қатысуда.

image050 image051

Бердібек Соқпақбаевтың туғанына 100 жыл толуына орай "Балалық шаққа саяхат" атты қала колледждерінің студенттері арасындағы қалалық байқау

image052 image053 image054

  "Біртұтас тәрбие" бағдарламасы негізінде жастарды мемлекеттің дамуындағы ел бірлігінің маңызын бағалау және мемлекеттің дамуы үшін жеке жауапкершілікті сезіну қасиеттерін күшейту мақсатында 25 Қазан - Республика күніне орай Талдықорған индустриялық колледжінде "Қастерлі Отан - Қазақстан" тақырыбында өткен  мерекелік жиын

image055 image056 image057 image058

Талдықорған қаласының 80 жылдығына орай "Өнерім саған - Қазақстан!" фестиваль - байқауына қатысқан Талдықорған индустриялық колледжінің 24 12 топ білім алушысы Жанзаков Азамат жүлделі ІІ - орынды иеленіп, 60 000 теңгелік сертификатты ұтып алды.

image059 image060 image061

16-желтоқсан  Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай «Тәуелсіздік - елімнің ерлік жолы!» тақырыбында өткен салтанатты іс шара

image062 image063 image064

"Таза Қазақстан" акциясы аясында Жетісу облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен өткен "Қызыл тас - Тасбақа" шатқалындағы экологиялық ақциясына қатысып, аумақты тұрмыстық қоқыстардан тазалады.

image065 image066 image067 image068 image069 image069