Жетысуская область город Талдыкорган ул. Тауелсиздик 175
8 (7282) 22-12-80

 

Туған жылы: 11.07.1966 ж.

Білімі: 1983 – 1988 ж. ж. Абай атындағы Қазақ педагогикалық институты,

              жаратылыстану – география факультетін химия және биология пәнінің

              Мұғалімі біліктілігі бойынша бітірді.

Санаты: 1992 жылдан жоғары біліктілік санатында болып, 5 рет растады, «Педагог - модератор» біліктілік санаты 2023 жылы алды.

Педагогикалық еңбек өтілі: 37 жыл

  • Қатардағы оқытушы болып 11 жыл қызмет істеді;
  • Мектеп директорының оқу жұмысы жөніндегі орынбасары болып 15 жыл қызмет атқарды;
  • Мектеп директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары болып 1 жыл жұмыс істеді;
  • Колледж әдіскері болып 10 жыл жұмыс істедім.
  • Тілдерді меңгеруі: қазақ тілі - ана тілі, орыс тілі - еркін, неміс тілі – сөздікпен

Марапаттары:

- 2021 ж. Алматы облысы білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ ұйымының Құрмет Грамотасымен;

-  2021 ж. Ұстаздар күніне орай өткізілген VI Халықаралық мектеп тәрбиешілері, педагогтары, ғылыми жоғары оқу орындары мен колледждердің қызметкерлері, оқытушылары, аспиранттар мен ізденушілерге арналған «Көшбасшы – педагог – 2021» байқауында ІІІ дәрежелі Дипломмен;

- 2021 ж. «Білім беру ісінің үздіктері - 2021» республикалық байқауында ҚР Педагогтар Қоғамының шешімімен білім беру саласына қосқан елеулі үлесі үшін«Ұстаз» орденімен;

- 2021 ж. Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Үздік сабақ - 2021»байқауында үздік нәтиже көрсеткені үшін І дәрежелі Дипломмен;

- 2022 ж. ҚР білім ағарту министрлігінің «Техникалық және кәсіптік білім беру ісінің үздігі» Құрмет Дипломымен;

- 2022 ж. Талдықорған қаласы әкімінің Құрмет Грамотасымен;

- 2023 ж.  Жетісу облысы кәсіподақ ұйымының Құрмет Грамотасымен;

- 2023 ж. Жетісу облысы білім басқармасының Алғыс хатымен;

- 2023 ж.  Жетісу облысы білім басқармасының Құрмет Грамотасымен марапатталды.

- 2024 ж. ҚР Оқу-ағарту Министрлігінің Алғыс хатымен марапатталды.

Білім жетілдіруі:

- 2021 ж. «Өрлеу» Біліктілікті арртыру Ұлттық Орталығы» Акционерлік Қоғамы Орта білім мазмұнын жаңарту аясында «Химия» жалпы білім беру пәні бойынша колледж оқытушыларының біліктілігін арттыру 80 сағат, Сертификат;

- 2021 ж. «Өрлеу» БАҰО» АҚ «Педагогтердің цифрлық құзырлығын дамыту» курсынан өтіп Сертификат;

- 2023 ж. «Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің педагогтері мен әдіскерлерінің кәсіби құзыреттіліктерін жетілдіру» тақырыбында «ТALAP» КЕАҚ біліктілік арттыру курсынан 72 сағат өтіп, Сертификат;

 

Білім алушыларының жетістіктері:

  1. 2022 ж. «Ustaz tiegi» ғылыми – әдістемелік орталығы ұйымдастырған Республикалық Химия пәнінен студенттер арасындағы онлайн олимпиадасына қатысып, ІІІ дәрежелі Дипломмен 206 топ білім алушысы Сибатов Расул марапатталды.
  2. 2022 ж. «ЯСАУИ» атты Қожа Ахмет Ясауиға арналған оқушылар мен студенттер арасында қашықтан өткізілген І Республикалық пәндік олимпиадасының химия пәні бойынша І орын жеңімпазы 206 топ білім алушысы Шыныбек Рамазан І дәрежелі Дипломмен марапатталды.

Жеке қасиеттері:

Өз ісіне жауапкершілікпен қарайды, кез – келген адаммен тіл табыса алады, мақсатқа жету, ұйымдастырушылық, басқарушылық қабілеті жоғары, талап қоя біледі.

Компьютерлік сауаттылығы: Microsoft Word, Power Point, Excel-де компьютермен жұмыс істей алады.

        Гульнар Оразалиновна Жакупбекова  өз пәнін ғылыми - теориялық жағынан терең білетін, сабақтарын жоғары әдістемелік деңгейде әрі қызықты, өте тартымды өткізетін білікті, өз ісінің шебер маманы. Сабақтарында заманауи инновациялық технологияларды қолданып, жұмыс түрлерін ұйымдастыру кезінде интербелсенді әдіс - тәсілдерді, интерактивті тақтаны, электрондық оқу құралдарын тиімді пайдаланады. Ұжымдағы басқа оқытушылармен мол жинақтаған тәжірибесімен бөлісіп, пікір алмасып отырады, жас мамандарға тәлімгерлік етеді.

          Республика, облыс, аймақ және қала көлемінде өткізілген семинарлар мен ғылыми- практикалық конференцияларға қатысып, мақалаларын жинақтарда басып шығарды. 

             Гульнар Оразалиновна білім алушылардың ғылыми жұмыстарына да жетекшілік етіп, олардың ғылыми ізденіс және шығармашылық қабілеттерін дамыту жолында көптеген жұмыстар атқарды.

              Оқытушы өз тәжірибесімен аймақтық, облыстық, Республикалық және Халықаралық ғылыми – практикалық конференцияларға қатысып, Сертификаттарға ие болды және жариялымдары конференция жинақтарында жарияланды.    

             Гульнар Оразалиновна колледжішілік іс шараларды ұйымдастырып, жоғары әдістемелік деңгейде өткізеді. Сонымен қатар колледжде ішкі аудит төрағасы, білім алушылардың ғылыми – зерттеу жұмысына жетекші, кураторлар кеңесінің мүшесі, кәсіптік бағдар беру тобына жетекші болып қосымша жұмыстарды да атқарады.

          Жакупбекова Гульнар Оразалиновна колледждің оқытушылар ұжымы, ата - аналар мен білім алушылар арасында абыройлы,  зор беделге ие.