Жетысуская область город Талдыкорган ул. Тауелсиздик 175
8 (7282) 22-12-80

                                                                              

1984 жылы Алматы политехникалық техникумын бітіріп,  жолдамамен Талдықорған индустриялық колледжіне өндірістік оқыту шебері болып келді.  1986-1992жж. Жансүгіров атындағы Талдықорған педагогикалық институтында сырттай жоғары білім алып, орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып жұмыс жасады.

Әр уақытта облыстық білім басқармасында бас маман (2003-2008), Текелі кәсіптік колледжінде директор (2008-2016) қызметтерін атқарған. 2016 жылдан бастап колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары болды, ал 2019 жылдың қыркүйек айынан бастап кәсіби оқыту жөніндегі директордың орынбасары қызметіне ауыстырылды. Орыс тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы-модератор біліктілік санаты бар. Колледж директорының орынбасары лауазымы бойынша 2021 жылдан бастап бірінші біліктілік санаты бар.

Кокумбаева Г.Б. өзін  жан-жақты білімді әрі білікті маман  ретінде көрсете білді. Өз ісімен үлгілі, қарапайымдығымен құрметті, шәкірттерінің алдында қадірлі ұстаз, қазіргі заманға лайық, шығармашылық ізденіспен жұмыс істеп, өмірге еңіп жатқан технологияларды меңгерген, білігі мен білімі жоғары ұлағатты тұлға екенін танытып жұр.

2012ж. Білім беру саласындағы ерекше еңбегі үшін  «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері» белгісімен марапатталды.

2018 жылы ҚР Білім және ғылым Министрлігінің Құрмет грамотасымен, 2023 жылы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің Алғыс хатымен марапатталды.

2024 жылы ТжКБ беру ұйымдары басшысының оқу-өндірістік жұмысы және кәсіптік оқыту жұмысы жөніндегі орынбасарларына арналған облыстық семинарда «Білім беру процессінің стейкхолдерлерімен өзара іс-қимыл құралы ретінде индустриялық кеңестің жұмысын ұйымдастыру» тақырыбында іс-тәжірибесін таратқаны үшін  «Жетісу облысының білім басқармасының Әдістемелік орталығының» сертификаты берілді.

2024 жылы «Білім және ғылым қызметкерлерінің қәсіподағына сіңірген еңбегі үшін» төсбелгімен марапатталды.

Гульнара Балтабековна колледждегі Дуалды оқыту мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру жұмыстарына жетекшілік етеді, «Самғау» жұмысқа  орналастыру және мансап» орталығының басқаруда, білім алушылардың тәжірибесін ұйымдастырады, колледж мен жұмыс берушілер арасындағы ынтымақтастыққа ықпал етеді.

Қазіргі уақытта Г.Б.Кокумбаева директордың кәсіби оқыту жұмысы жөніндегі орынбасары лауазымын жоғары дәрежеде атқарып, ұжымның, ата-аналар мен білім алушылардың құрметіне бөленіп келеді.